Франция - Қазақстанға инвестиция салған 5 ірі инвестордың қатарында. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 4 млрд долларға жеткен. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 15-ші отырысында айтылды. Шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев және Францияның сыртқы сауда экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министрі Оливье Бешт қатысты. Тараптар қазіргі экономикалық ахуалды, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық, энергетика, өнепкәсіп салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Отырыс соңында 6 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында геологиялық зерттеулер, телемедицина, энергия көздерін дамыту салалары бойынша уағдаластықтар бар.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Былтыр Мемлекет басшысы Қамыс-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған іссапары екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатыныасқа тың серпін бергенін айта кеткен жөн. Мәселен, осы уақытқа дейін Франция Қазақстанға 18 млрд доллардан аса қаражатқа инвестиция салған.
Райхан Сайранбек
