Иракта сотталған қазақстандықтар аштық жариялады
Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Оның дерегінше, әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану. Еске салайық, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар осыдан бірнеше жыл бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар. Ал олардың балалары «Русафа» операциясы аясында Ирактан Қазақстанға жеткізілген болатын.
Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау туралы талап етуде. Аштық акциясы Ирак билігінің Рақымшылық туралы заңға қол қою туралы қауесеттер аясында басталды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға биыл қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты емес, қолда бар ақпарат.
Райхан Сайранбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қар барысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұмарына айналды
02.04.2026, 10:22
«Барселона» тарихындағы тұңғыш қазақ баласы
02.04.2026, 10:21
500 дәрігер Үндістанда тегін тәжірибеден өтеді
02.04.2026, 10:17
Қызылорда облысында жүгері өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
02.04.2026, 10:16
Жаңа Конституция елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады
02.04.2026, 10:15
Жаңа Конституцияны іске асыру бойынша бақылау күшейеді
02.04.2026, 10:14
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана 6 жылға сотталды
02.04.2026, 10:13
Уханьда робот-таксилер жаппай тоқтап қалып, көшелерде көлік қатынасы қиындады
02.04.2026, 10:12