11 Қазақстан азаматы өз еркімен Суданда қалды
Әскери төңкеріс болып жатқан Судан елінде 11 қазақстан азаматы өз еркімен қалуға ниет білдірді. Ал 6 адам жақын елдер арқылы эвакуацияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның сөзінше, бір азамат дәрігерлер ұйымында қызмет етеді. Ол жергілікті тұрғындарға көмектесу үшін Африка елінде қалуды жөн санаған. 10 адам тау-кен компаниясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда оларға қауіп төніп тұрған жоқ. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар жұмыс істейтін компания басшылығымен байланыс орнатып, келісімге келген.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Егер де жағдай шиеленіссе, әрі қарайғы әрекеттің қалай болатынын келістік. Егер жағдай шиеленіссе, азаматтарымыз Вади-Ашарда сол жерде жұмыс істейтін азаматтармен бірге басқа жерге эвакуацияланады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12