Қостанай облысының Жітіқара қаласында спорт нысандары жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жітіқара қаласында спорт нысандары жетіспейді

02.05.2023

Қырық мыңға жуық тұрғыны бар Қостанай облысының Жітіқара қаласында спорт нысандары жетіспейді. Жалғыз дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жеткіншектің бәрі бірдей сыймайды. Қалада он шағын футбол алаңы бар. Биыл олардың қатарына тағы төртеуі қосылмақ. Бірақ бұл да аздық етеді. Сондықтан арнайы жабдықталмаған тас көшеде доп қуған балалар жиі кездеседі. Қала орталығында кеңес кезінен қалған үлкен стадион бар. Алайда қараусыз қалғандықтан тозып тұр. Мұнда доп теппек түгілі, арамшөптен аяқ алып жүру қиын.

Әлібек Мұқанов, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Біздің мектептің қасында үлкен спорт алаңы бар. Бұрыннан келе жатыр. Бірақ күрделі жөндеу көрмеген. Аудандық әкімдікпен сөйлестік. Биыл жөндеу жұмысын жасайды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу