АҚШ-та құмды дауылдан жолаушылар жолда қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та құмды дауылдан жолаушылар жолда қалды

02.05.2023

АҚШ-тың Иллинойс штатында құмды дауыл кесірінен 20-дан аса көлік соқтығысты. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Апатқа ұшырағандардың ішінде жүк таситын және жеңіл машиналар бар.

Құтқарушылардың айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Ал, автомобилі сынып, діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар мен жүргізушілер уақытша Дивернон қалалық әкімшілігінің ғимаратына орналастырылған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу