Ассамблея: Елдегі этнос өкілдері өздерінің заңды құқығын пайдаланып жатыр
Елімізде өмір сүретін этнос өкілдері өздерінің заңды құқығын пайдаланып жатыр. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мамандары осылай деді. Соның бір дәлелі соңғы парламенттік сайлауда ұлтараздық мәселесі мүлде қозғалған жоқ. Әркімнің қабілеті мен жұмыс сапасына, ұсынған бағдарламасына мән берілді дейді сарапшылар.
Аяулым Сағынбаева, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметкері, ҚХА мүшесі:
Заңнамаға сәйкес өз критерийлерімен алынды. Кейіннен өзінің бағдарламасы, қалайша халықты сендіре алды, оған дейін қандай қызмет атқарды, халық оны біледі ме, білмейді ме деген мәселелер қаралды. Сен өзбексің, сен тәжіксің, сен қазақсың. Бәріміздің құқығымыз бірдей. Бәрімізге қойылатын талап бірдей және заңның алдында барлығымыз бірдей жауап береміз.
Айгерім Абдрашитова, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жетекші маманы:
Бізде Қазақстанның әр аймағында аудан-аудан болып, ауыл-ауыл болып тұратын этностар бар оны жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде ондай көп. Бұл өңірлерде біздің этностардың Қазақстандық қоғамға сіңісуіне, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға ықпалдасу керек. Осы орайда Ассамблеяның бөлімшелерінің ашылуы, Ассамблеяның осы жолда жұмыс жасауы, әрине, Қазақстан қоғамына сіңісуіне оң әсер етеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде эко-сана жобасы қолға алынды
18.02.2026, 17:27
Ауданның қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланады
18.02.2026, 17:24
«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларға ₸124 млрд бағыттаған
18.02.2026, 17:21
Ақсу-Аюлы ауылында 200 отбасы баспаналы болды
18.02.2026, 17:19
Жаңа Конституция өзегі – адам құқығын қорғау
18.02.2026, 17:17
Конституциялық реформа мемлекеттілікті нығайтады
18.02.2026, 17:15
Жаңа Конституция жобасы отбасы институтын нығайтады
18.02.2026, 17:12
АҚШ-тың бірнеше штаты өртпен күресуде
18.02.2026, 17:06