Кәсіподақтар заңы түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақтар заңы түсіндірілді

01.07.2014
Кәсіподақтар заңы түсіндірілді

Таяуда кәсіподақтар туралы Заң бекіді. Жаңа заңнама еңбек адамының құқығын қорғауды арттыра түспекші. Әрі кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін, мәртебесі мен жауапкершілігін нақтылау арқылы олардың рөлін күшейтеді.

Бұл туралы Астана қаласында өткен аймақтық семинарда кәсіподақтар федерациясының өкілдері атап өтті. Елімізде қазір 800-ден астам кәсіби одақ тіркелген. Енді олар осы заң аясында бір орталыққа бағынып, өзара байланысы беки түседі.

Сәрсенбай Мыңбаев, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Кәсіподақтың өзінің құқығын қорғау мәселесі жаңа заңда жақсы көрсетіліп отыр. Заңды қолдаймын деп кейбіреулер жұмыс берушілермен кикілжіңге келіп қалуы мүмкін. Сол кезде жаңағы кәсіподақтың активін мына жаңа заң қорғайды.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу