Астанада бірқатар құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бірқатар құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынды

19.04.2016
Астанада бірқатар құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынды

«Бірқатар кәсіпорындар - «Квартиры НС», «Компания М.С.-7» ЖШС, «Шаңырак БМК ГРУПП» ТҚК-ның басшысы - 1979 жылы дүниеге келген Медет Бектеміров ұсталып, қамауға алынды. Ол инвесторлардан «Араби 1», «Араби 2», «Самал» тұрғын үй кешендерінің құрылысына ақшалай қаражатты алдау жолымен алып, өзіне сеніп тапсырылған аса үлкен сомадағы  ақшалай қаражатты жұмсады. Бұған дейін құрылысшыға мемлекетаралық іздеу салынды», - делінген хабарламада.

Елордалық ІІД-нің тергеу басқармасы сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты Астана қаласының ІІД Медет Бектеміровтің әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Бейбітшілік көшесі, 19, 342 каб. мекенжайында орналасқан елордалық Ішкі істер департаментіне келуді немесе 71-60-10 (Астана қалалық ІІД-нің кезекшілік бөлімі),  71-63-41, 8-707-900-88-18, 8 700-926-62-43 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу