СҚО-да субсидиядан қағылған шаруалар шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да субсидиядан қағылған шаруалар шағымданды

28.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысында субсидиядан қағылған 10-ға тарта шаруа шағымданды.

Айтуларынша, оған «Gosagro.kz» жаңа цифрлық платформасының дұрыс жұмыс істемеуі себеп. Портал жыл басында іске қосылған болатын. Алайда электрондық жүйе толық жетілдірілмеген болып шықты. Шаруалар мемлекет тарапынан төленетін демеуқаржыны алу үшін жаңа платформа арқылы өтініш беруге міндетті. Басқа баламасы жоқ. Алайда аталған бағдарламада болуға тиіс ақпараттың 90 пайызы жүктелмеген. Кәсіпкердердің айтуынша, сайт жиі ашылмай қалады. Олар өз шағымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен кәсіпкерлерді қолдау палатасының мамандарына жеткізді.

Сабина Мұқашева, СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

Бұған дейін кәсіпкерлер «Қолдау» жекеменшік платформасын пайдаланып келген болатын. Ол ақылы еді. Ал жыл басынан «Gosagro.kz» іске қосылды. Бірақ тиісті деңгейде жұмыс істемейтін болып шықты. Біз жауапты органдарға «Қолдауды» мемлекет меншігіне алу, субсидия беруді egov.kz порталы арқылы ұйымдастыру, әр өңірде Cool орталықтар ашу жөнінде ұсыныстар жолдадық.

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу