Алдағы үш жыл ішінде таза сумен қамтуға 250 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы үш жыл ішінде таза сумен қамтуға 250 миллиард теңге бөлінеді

08.09.2019

Елді таза ауыз сумен қамтып, шоқалақ жолдарды жөндеуге миллиардтаған теңге бөлініп жататыны жайлы ақпар беріліп жатады, бірақ құрт-құмырсқа жүзіп жүретін лай су ішетін, ойқы-шойқы жолдардан шаршаған адамдар туралы репортажды да дүркін-дүркін жасаймыз.

Енді алдағы үш жыл ішінде таза сумен қамтуға 250 миллиард теңге, «Нұрлы жолға» 1,2 трлн теңге бөлінеді. Президент айтады: ...бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде.

Адамдардың қазір бәріне скептикалық тұрғыдан қарап, бәрінен пессимизм ғана көруінің бір себебі осы – бюджет қаржысының миллиардтап желінуі.

 Әлемде екі миллиардтай адам ішетін суға зәру болып отыр. Түрлі қақтығыстар мен соғыстың кесірінен тұрақсыздық жайлаған аймақтардағы ахуал тіпті нашар.

Қазақстанда ешқандай кикілжіңсіз 2 миллиондай адам таза суға зәру. Ал осы уақытқа дейін ауыз су бағдарламаларына 1 трилионнан астам теңге бөлінген.


Хабарламаларға жазылу