Отанды құрметтеу – тілді үйренуден басталады
Отанды құрметтеу – тілді үйренуден басталады. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің пікірі- осындай. Президент бастамаларын толық қолдап, іске асыруға барынша атсалысамыз дейді олар. Бұл - ортақ ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, береке бірлікті арттырмақ.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
Біз шетелге шыққан кезде біздің спортшыларымызды паспортында жазылып тұрған ұлтына қарамастан қазақ деп айтады деді. Біз осындай идеяларды қоғамда сіңіруіміз керек. Яғни біз барлығымыз туған жерімізге кіндік қанымыз тамған жерге салт дәстүрін сақтаған елімізге бәріміз бірдей қарап, дамуына ат салысуымз керек деді. Менің ойымша бұл бүгінгі күннің ең басты тезисы.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл идеялар енді алдағы уақытта Ұлттық құрылтайдың деңгейінде талқыланатын болады. Сол жерде бәлкім нақты пайымдалып, нақты бір тұжырымдамаға, нақты қорытындыға келетін шығармыз. Бірақ бүгіннен бастап қоғамдық талқы, сапалы қоғамдық талқылар қажет. Және осының айналасында дүрлікпей, дүрліктірмей осындай ұлттық біріктіретін, оның ішінде қазақ компонентін алдыңғы қатарға шығаратын тірлік жасауымыз керек сияқты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18