Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке арналған орталық ашылды

27.04.2023

Шымкент қаласында қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке арналған орталық ашылды. Оған этнограф ғалым туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген 100-ге тарта материал мен өзінің 21 кітабы қойылып отыр. Сондай-ақ орталықта Жәнібековтың тұтынған заттары, оның бастамасымен жүзеге асқан істерді айғақтайтын фотосуреттер бар.Оны ұйымдастырушылар келешекте ұлтымыздың ұлы тұлғасы туралы тың ізденістер жасауды мақсат тұтып отыр. Соның негізінде кітап және фотоальбомдар шығарылады. Және жәнібековтану сабақтары өтеді. Басты мақсат билік басында жүрсе де еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды түгендеу, зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына көп еңбек сіңірген тұлғаның өмірі мен еңбегін насихаттау. Ұлт тәрбиесін ұстын ету болып отыр.

Құлбек Ергөбек, Әдебиет зерттеушісі, профессор:

Өзбекәлі Жәнібековтың қоғам қайраткерлігін, сосын ұлтты тәрбиелеудегі методикасын, методологиясын ғылыми негізде зерттейміз. Әрі практикалық деңгейде студенттерімізге, жалпы жәмиғатқа насихаттаймыз.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу