Астанада ерекше балаларға арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ерекше балаларға арналған орталық ашылды

01.06.2023

Соңғы 10 жылда көру қабілеті төмен балалардың саны екі өсе өскен. Бір Астананың өзінде 700-ге жуық бала есепте тұр. Ал олардың сапалы білім алып, әлеуметке бейімделуі басты міндет. Осы ретте Астанадағы нөмірі 10-шы мектеп-гимназиясында ерекше балаларға арналған ресурстық орталық ашылды.

Жұмабек Ташенев атындағы № 10 мектеп-гимназиясында көру қабілеті төмен 180 оқушы бар. Оның 29-ының көзі мүлде көрмейді. Оларға білікті мұғалімдер білім мен жан-жақты көмек береді.

 Күлән Мағауина, дефектолог- тифлопедагог:

Әрине, мұндай көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеу үшін алдымен қандай да бір курстардан өту керек, диплом болу керек. Өйткені бұл ерекше балалар ғой. Ал олармен жұмыс істеу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді талап етеді.

Ресурстық орталық ашылды. Ондағы негізгі мақсат – көру қабілеті бұзылған оқушылармен жұмыс істейтін ұстаздаздарды оқытып, әдістемелік тұрғыда біліктілігін арттыру.

 Бақытжан Орынбаев, Ж.Ташенев атындағы № 10 мектеп-гимназиясының директоры:

Біз 18 жыл көлемінде осы іс-тәжірибемізді жинақтадық. Осы іс-тәжірибемізді біз енді ары қарай басқа мектептердегі мұғалімдерге үйретеміз. Яғни, сол балалармен қалай жұмыс істеу керек, қалай оқыту керек, осының бәрін мұғалімдерге үйретеміз. 

Ресурстық орталықта барлық қажетті жабдықтар бар. Мұнда мұғалімдер халықаралық талаптарға сай білім мен тәжірибе жинақтайды.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу