Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Оған жемқорлықты жасырғаны үшін қарамағындағы қызметкерлерден 280 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Күдікті сот үкімімен қамауға алынды. Бұл туралы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. Бейнежазбада пара берушінің де қолға түскені көрсетілген. Айта кетейін, осыған дейін білім бөлімінің бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатпен қашып бара жатқанда ұсталған еді. Осы іске қатысты оның екі орынбасары да күдікке ілінді. Қазір аталған дерек бойынша жан-жақты тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақсат Жебегенов, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
Бұл тұлға параны білім бөлімінде анықталған бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасыру мақсатында параны алған. Өз кезегінде пара берушілер білім бөлімінің басшысына пара бергені үшін де қылмыстық іс қозғалды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00