Елде қылмыстың денін жұмыссыздар жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде қылмыстың денін жұмыссыздар жасайды

26.04.2023

Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақырту түседі. Алайда зәбір көргендердің 60% полицияға арыз түсіруден бас тартады. Өйткені, жәбірленушілер көбі агрессорға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тәуелді. ІІМ берген мәліметіне сәйкес, қылмысқа баратындардың 80% жұмыссыз, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47 еш жерде жұмыс істемейді немесе еш жерде оқымайды. Адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50% мас күйінде жасайды.

Сондықтан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында құқықбұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізбекші. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді. Жаңа өзгеріске сай, енді ерлі-зайыптыларға мәмілеге келу үшін сотта бір ғана мүмкіндік беріледі. Аталған өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енбек. Бұған қоса, енді жәбірленуші мен агрессорға қайта татуласу мүмкіндігі берілмейді.

Ренат Зұлқайыров, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Оны орындау үшін министрлік құқық қолдану практикасы мен халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау негізінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірледі.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу