Әйелдер мен балалар құқығын қорғау заңнамалық тұрғыдан күшейтіледі
Балаларды иттен де, басқадан да қорғау-міндет. Мәселен, оларға физикалық және психологиялық қысым көрсетудің алдын алу керек. Ол үшін қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация құралдарын пайдалану қажет. Бүгін «Медиа этика және балалардың құқықтарын қорғау» атты жиын өтіп, зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы бұл мәселеге баса назар аударып, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыдан күшейтуді, отбасы құндылықтарын насихаттауды тапсырған еді. Осыны еске салған министр Дархан Қыдырәлі, ведомства тарапынан бірқатар ұсыныс айтты.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Бала құқығын қорғау қашан да өзекті. Оған қатысты министрлік тарапынан бірнеше ұсыным әзірледік. Біріншісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы конвенция» ережелерін басшылыққа алу. Екіншісі – мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация құралдарының балалармен байланысты құқыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру.
Райхан Сайранбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25