Ұлыбританияда инфляция ең жоғарғы деңгейге жетті
Ұлыбританиядағы инфляция Батыс Еуропадағы ең жоғарғы деңгейге жетті. Елде, әсіресе, азық-түліктің бағасы аспандап тұр.
Марина Бекенова, тілші:
Наурыз айында азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 19,1 пайызға көтерілді. Бұл 1977 жылдың тамызынан бергі ең үлкен өсімді көрсетті. Сүт пен қант бүгінде бір жыл бұрынғыға қарағанда шамамен 40 пайызға қымбат. Инфляцияға елдің табиғи газға тәуелді болуы себеп, дейді мамандар. Ұлыбритания үкіметі жылдың соңына дейін инфляция деңгейін екі есеге дейін азайтып, 5 пайызға жеткізуге уәде беріп отыр.
Джереми Хант, Ұлыбританияның қаржы министрі:
Халық үшін өте қиын кезең екенін мойындаймыз. Сондықтан бюджет шеңберінде біз әрбір отбасының электр энергиясына жылына 2 500 стерлинг фунтынан артық жұмсамауына кепілдік беріп отырмыз. Жанармайға салынатын баж салығын да өсірмей, бір бағаны ұстап келеміз.
Инфляцияны ауыздықтау үшін Англия банкі пайыздық мөлшерлемені наурыз айында ғана 4,25 пайызға көтергені белгілі. Бірақ биліктің бұл қадамы жағдайды жақсартпады. Сарапшылар алдағы уақытта пайыздық мөлшерлеменің тағы өсуі мүмкін екендігін айтады.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07