Алматыда 300 гектарға жуық жер заңсыз берілгені анықталды
Алматыда 300 гектарға жуық жер демалыс және туризм аумағы тұрғын үй салуға заңсыз берілген. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Жерді бөлу кезінде шенеуніктердің заңсыз әрекетке барғаны анықталған. Учаскелердің нысаналы мақсаты өзгертіліп, кадастрлық құн толық төленбеген. Мемлекет 500 млн теңгедей қаржыдан қағылып, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заң бұзылған. Өзгерістер экологтардың, СЭС мамандары мен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылып, қоғамдық тыңдау өткізілмеген.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Аталған істер бойынша қылмыстық істер тергелуде. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15