Жаркент қаласындағы оңалту орталығы нәтижелі жұмыс көрсете бастады
Жетісу облысы әкімінің Жаркент қаласындағы резиденциясы оңалту орталығына айналғалы нәтижелі жұмыс көрсете бастады. Бұл жерде күнделікті ем-дом мен ерекше күтімді қажет ететін 18 жасқа дейінгі балалар қаралады. 40 балаға арналған орталықта 51 адам қызмет етеді. Білікті мамандар арбаға таңылып, немесе мүлдем жүрмей қалған бүлдіршіндердің өздігінен жүріп кетуіне күш салуда. Жеткіншектердің жылдам оңалып, сауығып кетуіне бұл жерде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бірақ әлі де иппотерапия және басқа да емдік шаралар қабылдайтын жабдықтар қажет.
Алтын Елдаева, Жаркент қаласының тұрғыны:
Бала түске дейін ем-шара қолданады да, түстен кейін үйге алып кетіп жүрміз. Себебі мұғалімдер үйге келеді. Егер осы орталыққа сондай мүмкіншілік болса, тіпті жақсы болатын еді. Бала күні бойы орталықта емін де алады, сабағын да оқиды. Сол жағын бізге қарастырып берсе.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00