Астанада құрылыс тоқтатылып, тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрылыс тоқтатылып, тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін

20.04.2023

Астанада құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін. Себебі, қаңтар айында Астананың экономикалық соты борышкерге жұмысты тоқтатуға міндеттеді.

Азамат Бейбітұлы, тілші
Қызыл кірпіштен қып-қызыл ақшаға салынып жатқан бұл тұрғын үй сүрілуі мүмкін. Себебі, Астана қаласының әкімдігінің құрылыс басқармасындағылар осылай деп отыр. Соттың үкімі бойынша Вашингтон тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр екен. Бірақ, бұл ретте бір сұрақ туындайды. Астананың қақ ортасында бір емес, он қабаты көтерілгенше құзырлы органдар қайда қарап отырған?"

Азамат Бердібеков Астана қаласы әділет департаментінің басшының орынбасары:
Соттың шешімі әділет органдарына келіп түссе, бір күнде немесе бір айда орындала түспейді ғой. екі үш аптада бір қабаты көтеріліп тастайды.
Үлескерлердің құқығын қорғап жүрген заңгер Дидар Смағұловтың айтуынша, тұрғын үй кешенінің құрылысы заңсыз басталған. Сол себепті, әкімшілік шаралары қолданылған. Бірақ, ең негізгі заң бұзушылық жерге қатысты.

Дидар Смағұлов, заңгер:

Жер құқықтарын растайтын құжаттары жоқ. Сол үй салынған жердің басқа иесі бар. Сол иесімен келісімдері жоқ. Және құқықтары жоқ салуға. Сол ең негізгі себеп сол жер учаскесі.
Ал құрылыс компаниясының атқарушы директоры Алмагүл Қоңырбай қазіргі уақытта барлық мәселелер оң шешімін тапты деп отыр.

Алмагүл Қоңырбай, құрылыс компаниясының атқарушы директоры:
Қазіргі таңда құрылыс жүргізуге арналған аумақтағы жер учаскелерін меншік иелерінен сатып алуға компанияның 2 млрд теңгеден аса қаржысы жұмсалды. Бірақ, бір ғана жер иесімен бағаға келісе алмадық. Ол барлық жерге арызданған. Кейін келіссөздерден кейін келісімге келіп, ол үйді сатып алдық. Қазір процедуралдық мәселелер реттеліп жатыр. Сол себепті, барлық ескертпелерді түзеткеннен кейін бұл шешім заңдық күшін жояды.
Құрылысы заңсыз деп танылған «Washington» тұрғын үйі ғана емес.

Ернұр Баймұсаев, Астана Қаласы құрылыс бақылау басқармасының бас маманы:
Дублиндегі тұрғын үй кешені бойынша Вашингтондікіндей. Бұл жерде құрылыс басқармасы әкімшілік шаралар қолданған. Қазіргі уақытта сот орындаушылармен құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын. Солардың бәрі бекітіліп, құрылыс тоқтатылған қазіргі таңда.
Дегенмен қос тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, құрылыс компаниясы әлі де сот шешіміне арызданып, аппелацияға бере алады. Үлескерлердің мәселесі қарастырылып жатыр дейді қалалық әкімдіктегілер.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу