Ресейде жаңадан тіркелген коронавирус түріне қарсы вакцина шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жаңадан тіркелген коронавирус түріне қарсы вакцина шығарылады

20.04.2023

Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді. «Арктур» деп аталатын індеттің шыққан жері Үндістан»,- дейді мамандар. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.

Индира, жаңа вирусқа байланысты елде шектеу қайтадан енгізілуі мүмкін бе?

Индира Бегайдар, тілші:

Шерхан, барлығы эпидемиялық жағдайға байланысты, дегенмен карантин жариялау туралы әзірге ұсыныс талқыланып жатқан жоқ. Дегенмен мамандар сақтық шараларын қолға алу керек деп отыр. Мәселен қоғамдық орындарда, мекемелерде енді бетперде тағу міндетті. Сонымен қатар, аурудың белгілері болған жағдайда науқас карантинге жіберіледі.

Индира, ал бұл індеттің басқалардан ерекшелігі неде? Аурудың қоздырғыш белгілері қандай?

Мамандардың пікірінше, алдымен көзге зақым келеді. Сонымен қатар жұқтыру көрсеткіші өзге вирустардан жоғары. Мәселен, осыған дейінгі штамдар ересектерден көбірек анықталса, «Арктур» штамы балалардың арасында кеңінен тарауы мүмкін. Сондықтан індетке карсы жуық арада вакцина жасап шығару жоспарланып отыр. Жалпы Ресейде коронавирустың барлық штамдарына қарсы 20-ға жуық вакцина бар.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу