Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы келісімді ратификациялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы келісімді ратификациялады

20.04.2023

Кедендегі кедергілер азаяды. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы келісімді ратификациялады. Бұл Қазақстан арқылы өтетін тауарларды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиынға қатысқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы бізбен тікелей байланыста.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазақстанның транзиттік әлеуеті үлкен екені ертеден айтылады. Әзірге біз оны толық пайдалана алмай отырмыз. Шығыстағы алпауыт пен Еуропа арасына жүретін жүк біздің ел арқылы өтеді. Алайда транзиттік мақсатта Қазақстанға кірген әр жүк деклорациядан өтеді. Яғни, жүк тасымалдаушы өзінің әр тауары үшін есеп береді. Бүгінгі заң күшіне енгеннен кейін, бұл жұмыс едәуір жеңілдейді.

Бұл келісімге былтыр Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған. Сосын, шекарада барлық процедура цифрландырылады. Бұл кедендегі кезекті қысқартады. Қазір Қаржы министрлігі “Кеден” деп аталатын қосымша әзірлеп жатыр. Ол алда өзге елдердің жүйесіне кіріктіріледі. Толығырақ алдағы шығарылымдарда айтамын.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу