Депутаттар Білім туралы заң жобасына бастамашы болды - Нығматулин

25.09.2020
Депутаттар Білім туралы заң жобасына бастамашы болды - Нығматулин

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген Білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған. 

Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Осының қатарында Мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ. 

Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.

Хабарламаларға жазылу