Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өткен болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өткен болуы мүмкін

20.04.2023

Серік Күдебаев шекараны тау арқылы асқан болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов айтты. Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы туралы Қырғызстандағы әріптестерінен де ақпарат сұрағанын атап өтті. Қазір оған қатысты бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, дейді. Еске салайын, қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған Күдебаевтың шетелге қашқаны анықталып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді

Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры:

Түрлі болжам бар. Серік Күдебаевтың тау жақта шаруа қожалығы бар. Сол жақтан жол көрсететін адамдары болуы әбден мүмкін. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз. Ресми мәлімет бойынша, ол Бішкек әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Қырғызстанда да бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оның тергеуіне ресми түсініктеме берілмейді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу