Йеменде қаржылай көмек тарату кезінде 78 адам аяқ астында тапталып қаза тапты
Йемен астанасы Санада Рамазан айына көмек ретінде 9 доллар таратылды. Тұрғындар оны алу үшін мектепке жиналғанда, 78 адам аяқ астында тапталып қаза тапты. Қауіпсіздік күштері елді тәртіпке салу үшін оқ атқан, сол кезде электр сымы зақымданып, жарылыс болды. Қорыққан тұрғыындар бір-бірін таптап кетті. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, талай адам жарақат алған. 13 тұрғын хал үстінде жатыр. Сананы 2015 жылы шиит-хуситтер басып алды. Сол тұста президент Мансур Хади шетелге қашуға мәжбүр болды. Ал Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің Хади билігін қалпына келтіру әрекеті азаматтық соғысқа ұласып, 150 мыңнан астам адам қаза тапты. Қазір Йеменде 23 миллиондай адам азық-түлікке мұқтаж болып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08