Австралияда жүздеген студент климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда жүздеген студент климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шықты

06.05.2022

Австралияның жүздеген жас тұрғыны үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауды талап етіп шеруге шықты. Акцияға студенттер, мектеп оқушылары, кәсіподақ мүшелері қатысқан. Қолдарына плакат ұстаған шерушілер қаланың орталық ауданынан бастап биліктегі Либералдық партияның штаб-пәтеріне дейін жүріп өтті. Климаттың өзгеруімен күрес - көмір бен газ өндіретін Австралия үшін маңызды саяси мәселе. Ел 2020 жылға қарай көмірқышқыл газының бөлінуін мүлдем тоқтатуды көздеп отыр. Дегенмен бұл бағытта жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Сол үшін де жастардың сынына ұшырап отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу