Парламенттік ассамблеяның 55-ші отырысында қазақ тілін оқыту мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламенттік ассамблеяның 55-ші отырысында қазақ тілін оқыту мәселесі көтерілді

14.04.2023

Парламенттік ассамблеяның 55-ші отырысында қазақ тілін оқыту мәселесі көтерілді. Мәулен Әшімбаев халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін ТМД елдерінің тілдерін ондағы жоғары оқу орындарында оқытуды күшейте түскен маңызды екенін айтты. Сенат спикері тілдерді оқытуды күшейтуге арналған тәжірибелік қадамдарды айқындау қажеттігін айтып, оған ғалымдарды, сарапшыларды және мемлекеттік органдардың өкілдерін жұмылдырып конференция өткізуді ұсынды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Халықаралық ынтымақтастықты дамытуда тілдерді білу маңызды рөл атқаратыны баршаға белгілі. Өкінішке қарай, біз ТМД елдерінің тілдерін оқытуға көп көңіл бөле бермейміз. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде ТМД және жақын шет елдердің тілдері мен мәдениеттерінің кафедрасы бар. Сол жерде Достастық елдерінің тілдері оқытылады. Біз өз тарапымыздан осы бірегей кафедраға қазақ тілін оқыту бойынша қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ басқа мамандандырылған жоғары оқу орындарында да осындай кафедраларды ашу туралы мәселені қарастыруға болады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу