Ғалымдар қазақ тілін оқыту әдістемесін оңтайландырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар қазақ тілін оқыту әдістемесін оңтайландырылып жатыр

25.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін реформалауға қатысты тапсырмасынан кейін ғалымдар тілді оқыту мен үйретудің әдістемесін оңтайландырып жатыр. 

Ол қазақ тілін меңгеруді барынша жеңіл етуі тиіс. Бүгін осы және өзге де мәселелер «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми орталығында филология мамандарының қатысуымен өткен жиында сөз болды. Әрі латын әліпбиіне көшудің маңызы, экстралингвистикалық факторлардың әсері де назардан тыс қалмады. Мамандардың айтуынша, латын графикасының 20-ға жуық нұсқасы орфографиялық топтың отырысында қаралған. Ішінде көңілге қонымды бірнеше түрі бар. Енді жауапты министрлік соны ғалымдармен бірігіп талдап, жетілдірмекші. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу