Парижде қоқыс жинаушылар ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде қоқыс жинаушылар ереуілге шықты

13.04.2023

Франция астанасы Париждің қоқыс жинаушылары үкіметке қарсы ереуілдерді бүгін қайта жалғастырды. Олар президент Эммануэль Макронның зейнетақы реформасына наразылық білдіріп жатыр. Өйткені, жаңа заңға сәйкес, азаматтардың құрметті демалысқа шығу жасы 62-ден 64-ке дейін көтеріледі. Француз үкіметінің мәлімдеуінше, бұл реформа елдің зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін қажет. Алайда, қаңтардан бері қайта-қайта шеруге шыққан жұрттың пікірінше, билік бұл проблеманы шешудің өзге жолдарын іздестіруі тиіс. Қарсылық акциясы салдарынан пойыздар тоқтап, демонстрантарға мұғалімдер мен мұнай өңдеу зауыттарының жұмысшылары да қатысуды жоспарлап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу