АЭС-тің экологияға әсері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС-тің экологияға әсері қандай?

13.04.2023

Қазақстанда атом электр стансасы салынса, экологияға қандай әсері болуы мүмкін? Бұл сауалға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев жауап берді. Ол АЭС жобасы нақты дайын болған кезде қоғамдық тыңдау өткізетіндерін мәлім етті.

Айдар Абдуалиев, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Атомдық электр станса бойынша біздің министрлікке ешқандай құжат түскен жоқ. Түскен жағдайда бұл бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сол қоғамдық тыңдауларда осы сұрақтарды қойып, жауап алуға болады. Бұл АЭС-ті Энергетика министрлігі өз құзыретінде қарастырып отыр. Бізге жоба келген кезде өз шешімімізді береміз.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу