АЭС Балқаш көлінің экологиясына әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС Балқаш көлінің экологиясына әсер етпейді

22.12.2023

Атом электр станциясы салынса, ол Балқаш көлінің экологиясына зиян тигізбейді. Қазақстанның энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов «көлдің су қоры азайып кетуі мүмкін» деген пікірді жоққа шығарды. Оның сөзінше, станцияға қажет су Балқаш көлі арқылы толықтырады. Алайда, тікелей су алмасу болмайды. Ал АЭС-тен шыққан қалдық көлге түспейді, дейді сарапшы.

Сергей Агафонов, Қазақстанның энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының төрағасы:

АЭС-ке су ең алдымен реакторды салқындату үшін қажет. Бұл суды тоғандардан, жанындағы көлден аламыз. Алайда, контурдағы құбырмен жүретін су көл немесе тоғандағы сумен жанаспайды. Сондықтан «радиоактивті қалдықтар Балқаш көліне құйылады» деген пікір дұрыс емес.

Елімізде 2030 жылға қарай энергия тапшылығы болуы мүмкін. Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалованың сөзінше, қуат көзінің жетіспеушілігі қазірден байқалады. Әсіресе, жаз мезгілінде электр энергиясын тұтынушылар күрт көбейіп, қуатты көршілес елдерден экспорттауға мәжбүрміз. Бүгін атом және энергетика саласының сарапшылары АЭС-тің маңыздылығын талқылады. Алайда, нақты шешім референдум арқылы қабылданады.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:

Қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін станциялар да жаңартылып жатыр. Жаңартылған энергия көздері де дамытылып жатыр. Газбен жұмыс істейтін станциялар да салынатын болады. Жаңартылған энергия 4 пайызын құрайды. Алайда, олар ауа-райына тәуелді болғаннан соң, тұрақсыз болып саналады. Сондықтан Қазақстанда тұрақты, жасыл энергия көзін салу керек болып тұр.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу