Президент: Бізде академиктер тым көп, кейбірінің таза ғылымға еш қатысы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Бізде академиктер тым көп, кейбірінің таза ғылымға еш қатысы жоқ

12.04.2023

Бізде академиктер тым көп, кейбірінің таза ғылымға еш қатысы жоқ. Нағыз ғалым болу – академик не болмаса доктор атағына ие болу емес, жан-дүниеңмен беріліп ғылыммен айналысу. Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында осылай деді. Болашақта ғылым саласында жұмыс істейтіндерге салықтық жеңілдіктер жасалады. Салаға тартылатын инвестицияны арттыру көзделіп отыр. Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл – ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын деді мемлекет басшысы.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу