Ата-аналар: Шарындағы оқиғаға мектептің еш қатысы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналар: Шарындағы оқиғаға мектептің еш қатысы жоқ

02.06.2021

«Шарындағы оқиғаға мұғалімдердің еш қатысы жоқ». Шатқалға барған оқушылардың ата-аналары бүгін осындай мәлімдеме жасады. Айтуларынша экскурсияны ұйымдастыру ата-аналар тарапынан болған. Енді олар оқыс оқиғаның кесірінен мектеп әкімшілігі зардап шеге ма деп алаңдаулы. Ұлттық паркке апарып-әкелуі тиіс автобусты да өздері жалдаған. Қымбатқа түсетіндіктен турфирмалардың қызметіне жүгінбепті. Гид ретінде барған әйел бірінің танысы. Сондай-ақ, ата-аналар осы оқиғаның басқаларға сабақ болғанын қалайды. Баламен серуенге шыққанда қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударса екен. Өйткені бәріміз қыдырудың арты дәл осылай аяқталады деп күтпедік дейді.

Еске салайық 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп он шақты адамды ағызып кеткен болатын. Жоғалып кеткен 11 жастағы қыз келесі күні табылып, екі адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Айнұр Тәшімова, ата-ана:
Мектептің ешқандай қатысы жоқ. Ата-аналар баларымызды жылдың аяғында онлайн сабақ болған соң балалар бір-бірін көрмеді. Сонымен балалар Шарынға демалсын деп шақырылған. Екі апайымыз да ауыр жағдайда жатыр. Бір апай қайтыс болып кетті. Сондықтан біздің апайларымыз жақсы жағдайда болып, біздің балаларымыз ауырып жатса, онда айтуға болады.


Хабарламаларға жазылу