Рухани жаңғыру ғылымның дамуына серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру ғылымның дамуына серпін береді

01.06.2017

Алматыда айтулы академиктер бас қосты. Белді ғалымдар Президенттің рухани жаңғыртуға арналған мақаласын іске асырудың ғылыми тетіктерін талқылады. Ғалымдардың ойынша, ашық қоғам құрып, ұлттық сананы қалыптастыру үшін гуманитарлық салада нақты істерді жоспарлау қажет. Сондай-ақ, өндірісті ғылымға негіздеу үшін зерттеу институттарына білікті кадрлар тартылуы тиіс. Ал, биыл Ұлттық ғылым академиясының құрамы 30 академикпен толығып, 29 ғалым корреспондент-мүшелікке қабылданды. 

 

 Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу