Украинада БҰҰ: 8,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан
Украинада былтырғы ақпан айынан бері 8,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан. 14 мың адам жараланды. Бұл БҰҰ-ның дерегі. Дегенмен марқұм болғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі жермен-жексен болған Мариуполь, Попасная, Лисичанск пен Северодонецк тәрізді жерлерден нақты ақпарат алу мүмкін болмай отыр. Сонымен бірге соңғы кездері Киев қарымта шабуыл бастайды деген ақпарат жиі айтылып жүр. Алайда «BBC»-дің мәліметінше, Украина армиясына әскери техника жетіспейді. Бұған қоса, Киев сарбаздардың жеткілікті санының жиналуын және жер кеуіп, бронетехниканың өтуіне жол ашылуын күтіп отырған сыңайлы.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10