Пентагон: 40 мың бейбіт тұрғын қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон: 40 мың бейбіт тұрғын қайтыс болды

10.11.2022

Украинадағы қарулы қақтығыста 100 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер қаза тауып, жараланған. Мұндай ақпаратты «Рейтер» агенттігі Пентагонның дерегіне сүйеніп жария етті.

АҚШ-тың бас штабының басшысы Марк Миллидің мәлімдеуінше, Украина тарапынан да осыншама жауынгер қайтыс болып, жараланған. Бұл мәліметке сай, қарулы қақтығыста 40 мыңға жауық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Дегенмен америкалық генерал мұндай деректерді қайдан алғанын айтқан жоқ.

Ресейдің қорғаныс министрлігі болса, соңғы рет қыркүйектің 21-де жария еткен есебінде Украинада 5937 ресейлік сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді.   

Арай Төлеген   

Хабарламаларға жазылу