Ресейде рубль құнсызданып, азық-түлік бағасы тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде рубль құнсызданып, азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

11.04.2023

Ресейде рубль құнсызданып, азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Жыл басынан бері ұлттық валютаның долларға шаққанда құны 12 пайызға төмендеген. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, валюта бағамының күрт төмендеуін мамандар немен байланыстырады?

Индира Бегайдар, тілші:

Иә, сарапшылар экономикалық қиындықтардың бірнеше себебі бар дейді. Мәселен, Ресейден кеткен шетелдік компаниялардың саны арты. Әсіресе Батыс инвесторлары көптеп кетіп жатыр. Одан келетін шығын шамамен 20 млрд доллар. Сонымен қатар үкімет бюджет шығындарын ұлғайтты, кіріс те төмендеді. Импорт өсті, ал экспорттан түсетін қаржы азайып отыр.

Евгений Змиев, экономист:

Ресей 332 миллиардқа көп тауар жеткізгенімен, рубль әлсіреді. Өйткені экспорттан түсетін тауардың ақшасын шетел валютасымен алып отырмыз ғой. Сондықтан қажетті шараларды қабылдау керек.

Бірінші тоқсанда бюджет тапшылығы рекордтық 3 трлн рубльге жетті. Былтыр 1 доллар 62 рубль болса, бүгінгі күні 82 рубль. Сәуірдің соңында АҚШ валютасы 90 доллардан асады дейді сарапшылар. Мамандардың пікірінше, ұлттық валютаны девальвация күтіп тұр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу