Ресейде азық-түлік бағасы 60-70 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде азық-түлік бағасы 60-70 пайызға қымбаттады

25.03.2022

Ресейден соңғы екі аптада 200 мыңнан астам адам көшіп кеткен. 


Индира Бегайдар, тілші:

Ресейде қазір инфляция 14 пайыздан асты. Мұндай жағдай соңғы рет 2015 жылдың қарашасында тіркелген. Экономикалық дағдарыс азаматтардың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде. Қазірдің өзінде Ресейден кеткен шетелдік компания саны 400-ден асады. Бұл үш миллионға жуық тұрғын жұмыссыз қалады деген сөз. Азық-түлік бағасы да шарықтап кетті.

Екатерина Яковлева, зейнеткер:

 Ет, көкөніс бағасы көтерілген. Бұрын базарда бәрі арзан еді, қазір мұнда дүкеннен де қымбаттап кеткен. Жарма, ұн, қант сатып алу тіпті қиын. Сырттан келетін тауарларды сөрелерден таппайсың.

Инфляцияны тежеу үшін үкімет қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді, оған 40 млрд рубль бөлінді. Жұмыссыз қалғандарға уақытша несиелік каникул жарияланды. Дегенмен үйлерін сатып, шетелге көшіп жатқан азаматтардың қарасы қалың. Сондықтан жаңа ереже бойынша ел аумағынан 10 мың доллардан артық ақша шығаруға болмайды. Ресейлік банк қосымшасы арқылы шетелге ақша аударымдарын жасау мүмкін емес. Сарапшылар Ресей 15 сәуір күні дефолт туралы мәлімдеуі мүмкін дейді.


Хабарламаларға жазылу