Солтүстік Қазақстандағы Белое ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстандағы Белое ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды

10.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы Белое ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды. 200-ден астам отбасы тұратын елдімекенді осыған дейін Ұлттық арна эфирінен көрсеткенбіз. Мұндағы халық 30 жылдан астам көл суын ішіп отырғаны айтылғаннан кейін, мәселе шешімін тапты.

Қазір ауылдағы тұрғындардың жартысына жуығы орталық су жүйесінен үйіне құбыр тартып үлгерді. 2020 жылы бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, аудан орталығынан 21 шақырым құбыр тартылған еді. Жоспар бойынша, ауылға былтыр күзде ауыз су берілуі тиіс еді. Бірақ мердігер жұмысты сапасыз орындаған, әрі желіден шыққан ақауды жоюға асықпаған. Ұлттық арна тілшілері осы тақырыпты көтергеннен кейін облыс басшылығы мәселені өз қадағалауына алып, проблема бір айда шешімін тапты.

Ақан Жетеев, Белое ауылының тұрғыны: 

Қуанышымызда шек жоқ, үлкен бір сондай нәтижеге жеткен сияқтымыз. Енді ана жолдасым айтады, анау кір жуғыш машинка автоматты қоясың ба деп. Енді Құдайға шүкір. Ойымызда олндай бар. Қоямыз деп ойлаймыз енді. Енді мынадай қандай тамаша, мына жерден ағып тұрғаны

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу