Қырғызстандық дизайнер қоқыстағы маталардан киім тігіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандық дизайнер қоқыстағы маталардан киім тігіп жүр

08.04.2023

Қырғызстандық табиғат жанашыры қаланы тұншықтыратын улы түтінмен күресудің жолын тапты. Ол қалдық матадан жаңа киім тігу арқылы қоқысты азайтуға үлес қосып отыр. 7 млн-ға жуық халқы бар Қырғыз елінде тігін өнеркәсібі жақсы дамыған. Сәйкесінше одан шыққан қалдық Бішкек сыртындағы полигонға көптеп тасталады немесе үйді жылыту үшін отын ретінде пайдаланылады. Улы түтін көмірмен бірге қала ауасын ластайды. Бұған жол бермеу үшін Чолпон Аламанова есімді дизайнер құрақ көрпе техникасын қолдана отырып, қалдық матадан көрпе, киім және аксессуарлар тігуді ойлап тапты. Мұндай шеберхана жаһандық ысырапсыз өндіріс тенденциясының бір бөлігіне айналып отыр.

Чолпон Аламанова, киім дизайнері:

Жаңа киімдерге сұраныс көп. Қырғызстанда сәйкесінше шеберханалардың саны артып келеді. Күнделікті тасталатын тоқыма қалдықтарының көлемі де тонналап өсуде. Біздің бастамамыз қоқыс көлемін азайтуға көмектеседі.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу