Украинаға әскери ұшақ беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаға әскери ұшақ беріледі

06.04.2023

Польша Украинаға әскери ұшақтар мен брондалған машиналар, сондай-ақ, зеңбіректер мен зымырандық кешендер беретін болды. Мұны президент Владимир Зеленский Варшаваға сапарында мәлімдеді. Зеленский мен поляк премьер-министрі Матеуш Моравецкий Польшада оқ-дәрі мен қару-жарақ шығаратын бірлескен кәсіпорын құру мәселесін де талқылады. Болжамдарға қарағанда Украина алдағы уақытта Ресей армиясына қарсы қарымта шабуылдарды бастайды. Сол үшін Киев Батыстан F-16 тәрізді жойғыш ұшақтарды да сұрап отыр. Тағы бір айта кететін жайт, Польша Украинаның жақын одақтасы. Сондықтан, ол NATO Альянсынан Украинаға негізгі жауынгерлік танктерді жеткізу мәселесін шешуге ықпал етті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу