Қарашығанақты игеру жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашығанақты игеру жайы талқыланды

05.04.2023

Каспий құбыр желісі консорциумы құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттыру қажет. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен кездесуде айтты. Сондай-ақ, болашақта Теңізді кеңейту мен ондағы сағалық қысымды басқару жобаларын іске асыру барысы сөз болды. Қарашығанақ кен орнын тиімді игерудің өзекті мәселелері де талқыланды. Кездесу барысында Үкімет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығымен құттықтады. Теңіз жобасы – Қазақстанда іске асырылып келе жатқан ең табысты жобалардың бірі. Осы жылдары «Теңізшевройл» ел экономикасының дамуына зор үлес қосты. Үкімет арадағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті деді Әлихан Смайылов.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу