Қазақстанда неміс инжиниринг институты ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда неміс инжиниринг институты ашылады

04.04.2023

Елімізде неміс инжиниринг институты ашылады. Оқу орны Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанынан құрылады. Ол еуропалық стандартқа сай келетін техникалық кадрларды дайындамақ. Бұл бастама президенттің шетелдік бес беделді оқу орнының филилалын ашу тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Бағдарламаны Гамбург қолданбалы ғылымдар және Вилдау техникалық университетінің мамандары бірлесіп әзірлеген. Маңғыстау облысында жасыл сутекті өндіру бойынша ауқымды жоба іске қосылғаны белгілі. Жаңа институттың түлектері болашақта осы кешенде жұмысқа тұра алады. Қазақстан университеті мен Германияның жетекші жоғары оқу орындары арасында серіктестік меморандумына қол қойылды.

Берік Ахметов, Ш. Есенов атындағы каспий инжиниринг университетінің президенті:

Жаңа инжиниринг институтында алдағы уақытта бакалавриат пен магистратура бағыты іске қосылады. Оқу ордасында білім алған қазақстандық студенттер Германиядағы өндіріс орындарында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу