Ақтауда «Жасыл сутек» өндіретін зауытқа 1000 инженер даярланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Жасыл сутек» өндіретін зауытқа 1000 инженер даярланады

22.02.2024

Ақтауда «Жасыл сутек» өндіретін зауытқа 1000 инженер даярланады. Осы мақсатта былтыр ғана ашылған «Қазақ-неміс тұрақты инженерия» институтында 44 студент оқып жатыр. Олар «Логистика», «Энергетикалық және экологиялық инжиниринг» мамандықтарын меңгеруде. Ал жаңа оқу жылында тағы 5 мамандық бойынша студенттер қабылданады. Жастар соңғы 1,5 курсты Германияда оқып, тәжірибеден өтеді. Сондықтан қазір шет тілдері қарқынды түрде оқытылуда. Институт роботтандыру, автоматтандыру және цифрландыру бойынша инженерлерді дайындап шығарады.

Мәриямгүл Ұржан, студент:

Неміс тілін және ағылшын тілін біз аптасына 10 сағаттан өтеміз. Және де мұғалімдеріміздің білім дәрежесі өте жоғары. Және де сабақтар өте қызықты түрде өте жеңіл өтеді.Мен осы мамандықты таңдау себебім,жақында бізде Ақтауда жасыл сутегі өндіретін зауыт ашылады. Біз соны тасымалдайтын маман болып шығамыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу