Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер апатты жағдайға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер апатты жағдайға түскен

04.04.2023

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған екі көпқабатты үй бітпей жатып апатты жағдайға жеткен. Үлескерлердің айтуынша, құрылысы он ай бұрын бітуі тиіс баспаналардың көп жері қисық соғылған. Ішіне кірудің өзі қауіпті дейді. «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйден 111 отбасы былтыр пәтер алуы тиіс болған. Банк олардың жинақтаған қаржысы мен төлем қабілеті жеткілікті екенін растағанымен құрылыс мерзімінде бітпеді.

Ұлдана Шалқар, үлескер:

Бұл үй 2019 жылдан бері тұр. Апатты үйге айналған деп айтты көршілер. Баспалдағының өзі қисық, калонкалардың өзі қисық. Тұс қағазды жамап-жамап қойған. Мен бұл үйді алғым келмейді. Қазір неше түрлі жағдай болып жатыр. Жер сілкінісі болса, қалай тұрамыз? Елестете алмаймын.

Тоғыз қабатты тұрғын үйдің әрқайсысын салуға 900 миллион теңге ақша бөлінген. Алайда құрылысты бастаған мердігердің тірлігі шала болып, тапсырыс берушімен арадағы келісімшартты бұзуға тура келген. Енді басқа мердігер жұмысты аяқтамақ. Мамандар оған шамамен екі ай уақыт кетеді деп отыр. Осыған байланысты әкімдік үлескерлерге екі түрлі жол ұсынды.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

Егер де күтпейміз деп күмәнданған азаматтар бар болса, сол бағдарламаға ауыстыруға мүмкіндік бар. Бірақ оған 200 мың теңгеден. Ал, жоқ осы бағдарламамен қаламыз дегендерден құрылыстың аяқталғанын күткенін сұраймыз.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу