Гаага Халықаралық қылмыстық сотында Косовоның экс-президенті Хашим Тачидің ісін қарау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаага Халықаралық қылмыстық сотында Косовоның экс-президенті Хашим Тачидің ісін қарау басталды

03.04.2023

Гаага Халықаралық қылмыстық сотында Косовоның экс-президенті Хашим Тачидің ісін қарау басталды. Соңғы мәліметке сай адам өлтіру, азаптау және қудалау сияқты бірнеше баппен айыпталған Тачи мен үш сыбайласы кінәсын мойындамаған. Жалпы, елдің бұрынғы лидерлері әскери және адамзатқа қарсы қылмыс үшін жауап беріп жатыр. Олар 1998-99 жылдары Косовоны азат ету әскерінің құрамында Сербияға қарсы партизандық күрес жүргізді. Соғыс 78 күнге созылған еді. 1300-ден астам адам қаза тауып, 1 миллиондай этникалық албан босып кеткен. Қарулы қақтығыс НАТО-ның бомбалау операциясы нәтижесінде аяқталып, Косовоның тәуелсіздік алуына жол ашты. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу