Елімізде бензин мен дизель отынының бағасы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бензин мен дизель отынының бағасы өседі

03.04.2023

Елімізде бензин мен дизель отынының бағасы өседі. Жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет. Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Дәл қазір әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа қосылғалы тұр. Азамат, жанар-жағармайдың бағасы қаншалықты өзгері мүмкін?

200 мың тонна дизель отыны заңсыз экспортталған

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Болат Ақшолақовтың айтуынша, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензині қазіргі бағасы литріне 182 мен 187 тг аралығында болса, енді 205 теңгеге дейін жетеді. Ал, дизельдің бір литрі қазіргі 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін өседі. Себебі, отандық жанар-жағар май көрші елдерімен салыстырған арзан болғандықтан транзиттік жолмен және сұр схема бойынша жүзмыңдаған тонна шетке жатып жатыр.

Болат Ақшолақов, Энергетика министрінің міндетін атқарушы:

Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна. Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан.

Мысалға, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есе қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық - 101 пайыз.

Рашид Жақсылықов, экономист:

Кішігірім жанар--жағар май станлардың адамдарына сендер тек ғана Қазақстандықтарға сатыңдар немесе жылына екі рет келетін мүмкіндікті пайдаланбаңдар деп айта алмаймыз. Бұл мүмкіндікті пайдаланады. Екінші бұл тек көлікпен кетіп жатқан жоқ қой. 30-300 литрмен ап кетіп жатқан жоқ. Тіпті кей кездері цистерналармен де кетіп жатыр деп.

Жалпы, елімізде үш мұнай өңдеу зауытында өндірістік қуаты 3 млн тоннаға артып, жаңғыртылғаннан кейін жылына 17 млн тоннаға жетті. Соңғы 5 жылда бензин өндірісі 70% - ға,ал дизель отыны - 30% - ға ұлғайды. Сондай-ақ, брифинг барысында Болат Ақшолақов ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бірінші кезекте жанар-жағар май жеткізілетінін және тапшылық болмайтынын айтты.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу