27-наурыз - дүниежүзілік театр күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27-наурыз - дүниежүзілік театр күні

02.04.2023

Әлеуметтік желілердің зияны жайлы айтылғанда «қазіргі жастар кітап оқымайды, театрға бармайды» деген пікір естіп қаламыз. Расымен солай ма? Осы аптада, дәлірек айтсақ, 27-наурызда дүниежүзілік театр күні атап өтілді. Бұл театрдың бүгіні қандай, ертеңі бар ма деген сұраққа жауап іздеуге түрткі болды.

Қазақ драматургиясы кештеу пайда болды. Алғашқы пьеса – Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина»-сы. Осы қойылыммен 1926 жылы Қазақ мемлекеттік театрының шымылдығы ашылғаннан бері сала талай қиындықты өткерді. Кеңестік кезеңнің «қайта құру» саясаты кері әсер етіп, жұрт театрға баруын қояды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да драматургияны дамытуға әл жетпеді...

Дегенмен, театр тірі. Әсіресе соңғы жылдары серпіліс байқалады. Алматыдағы тілшіміз Жазира Оразқызына сұхбат берген өнер адамдары қазір жағдай жаман емес екенін айтыпты. Оларды президенттің «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта оралатыны туралы жаңалығы да шабыттандыра түскен шығар...



Хабарламаларға жазылу