АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп тұтқындалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп тұтқындалуы мүмкін

31.03.2023

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп тұтқындалуы мүмкін. Ол 2016 жылғы сайлау алдында порножұлдызға ақша төледі деп айыпталып отыр. Манхэттеннің қазылар алқасы осы үшін қылмыстық іс қозғамақшы. Алайда 76 жастағы Трамп заңсыздыққа барғанын мойындамады. 2024 жылғы президенттік додаға қатысуға ниет білдірген экс-лидердің саяси карьерасына бұл даулы іс кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазір Трамп республикалықтар арасындағы негізгі кандидат саналады.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу