Елордада алғаш рет экологиялық тақырыпта мультсериал жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет экологиялық тақырыпта мультсериал жасалды

31.03.2023

Елордада алғаш рет экологиялық тақырыпта жасалған қазақша мультсериалдың тұсауы кесілді. Балаларға арналған қысқа анимациялық бейнешығарылымдар жеті тақырыпқа бөлінген. Сериалдың басты мақсаты өскелең ұрпақты ғаламшарға, өсімдіктер мен қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу. Туындыда табиғатқа жанашырлық танытып, қамқорлық жасаудың қарапайым қағидалары сынды маңызды тақырыптар қамтылған. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл балаларға қызықты анимациялар арқылы көрсетіледі.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу